45 жылдық еңбек өтілі бар, білікті ұстаз, "Құрмет" орденінің иегері Людмила Рябова Ақтаудағы 14-шағынаудандағы №65 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Людмила Рябова білім беру саласындағы ілкі еңбек жолын 1977 жылы бастады. 1997-2012 жылдар аралығында яғни 17 жыл бойы 15-шағынаудандағы мамандандырылған экономикалық лицейде директор лауазымын атқарды. 2014 жылдан бер IT мектеп-лицейінде география пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді.
"Бүгін Ел Президентінің сайлауы өтіп жатыр. Алдағы уақытта еліміздің азаматтарының әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне, білім беру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеріне сенімдімін. Сонымен қоса қазақстандықтардың болашақ ұрпақтарына қамқорлық жасау, табысты ұлт ретінде қалыптасудың алғышарты - білім сапасын арттыру Үкіметтің ұдайы назарында болуы тиіс. Отан - сіз бен біздің бақытты мекеніміз, ыстық ұямыз. Еліміздің тарихын, табиғатын зерттеуден Отанға деген шынайы сүйіспеншілік басталады. Шетелден жұмақ іздеудің қажеті жоқ. Сондықтан саяси белсенділік танытып, мемлекетіміздің жарқын болашағын бірге айқындайық",-деген пікірін білдірді Людмила Рябова.
Ақтау қаласындағы №65 сайлау учаскесінде 2047, 1 пайызымен қоса есептегенде 2067 сайлаушы тіркелген. Учаскеде 4 бақылаушы, сайлау учаскесінің 4 мүшесі және 1 хатшысы бар, 1 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы мен орынбасары бар.
Голрох Жеменей